Фоторепортаж: Ерекше балаларға арналған жаңажылдық кеш

29 Желтоқсан 2019, 14:39
31709
Бөлісу:
Фоторепортаж: Ерекше балаларға арналған жаңажылдық кеш
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Әркімнің өзі бағындырар тауы бар. Аутизм – менің тауым. Ол маған жеңіске жетуге мүмкіндік берді". Бұл – аутизм дертіне шалдыққан сұлулық ханшайымы, "Флорида аруы" титулын жеңіп алған Рейчел Барселонаның айтқан батыл сөзі. Елімізде дәл осындай аутизм диагнозы қойылған мыңдаған жандар бар. Осындай ерекше назарды қажет ететін балаларға арналған елордадағы "Асыл Мирас" орталығында жаңажылдық кеш өтті. Қазір бұл орталыққа келетін 95 бүлдіршін бар. Сұраныстың көптігі соншалық, айына шамамен 70-ке жуық бала қосымша кезекке тұрады. Бұл орайда аталмыш орталықтың супервайзері, білікті маман Динара Жексембаевамен әңгімелескен едік.

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.34.jpeg
Сапалы әрі ақысыз 
WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.39.jpeg

"Асыл Мирас" орталығы белгілі бизнесмен, қоғам қайраткері, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың жеке қайырымдылық қорының "Аутизм. Баршамызға бір әлем" атты жобасы аясында 2014 жылы ашылған болатын. 

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.33 (1).jpeg

Қазақстан бойынша дәл осындай 8 орталық қызмет етеді. Мұнда туғаннан бастап, 15 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары кәсіби мамандардың кеңесін тыңдап, 3 ай бойы сапалы әрі ақысыз көмек алады. Яғни, қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі. 

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.32.jpeg

"Джаспер" әдістемесі

Сырқат балалардың ата-аналары орталыққа кезекке жазылады. Ал, кезегі келгенде мұндағы мамандар тобы балада аутизмнің бар-жоқтығын анықтайды. 

Тексеру үшін диагностикалаудың әлемдік алтын стандарты болып табылатын ADOS-2 әдісі қолданылады. Егер балада аутизмнің белгілері бар екендігі анықталса, онда оған Орталықта жүзеге асатын 6 түрлі түзету бағдарламасының біріне жолдама беріледі. Олар: ерте жастан қолдау көрсету бағдарламасы. Мұнда 0-ден 3-жасқа дейінгі балалармен жұмыс жүргізіледі. Басты мақсат – бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіру, оқыту дағдыларын қалыптастыру. Бұл "АВА" әдістемесі бойынша жұмыс жасайды.

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.28.jpeg

Интенсивті курс бағдарламасының ерекшелігі – оның 3 ай емес, 10 күндік болуында. Бұл бағдарлама басқа қалалардан келген отбасылар үшін ыңғайлы. 10 күннің ішінде біздің әлі қалыптасып үлгермеген, яғни дефицитті дағдыларды анықтап, оларды дамытуға байланысты жеке дамыту бағдарламасын жазып береді. 

Джаспер бағдарламасы – ең тиімді әрі пайдалы әдіс. Мамандар "Джаспер" атты уникалды әдістеме бойынша жұмыс жүргізеді. Яғни, ойын ойнау барысында баланың сөйлеу тілін дамытады.

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.37.jpeg

Ата-аналарға қандай қолдау көрсетіледі

Орталықтағы мамандарың ең басты мақсаты - ата-аналарға аутизм туралы білім беріп, оларды өз балаларымен дұрыс жұмыс істей білуге үйрету. Осы мәселе аясында бірқатар маманымыз дертке шалдыққан балаларды дамыту сұрақтары шеңберінде вебинарлар жүргізуде. Олар ата-аналарды интернет желісі арқылы оқытуға дайындық жасауда. Алла амандығын берсе, бұл үдеріс жақын арада іске қосылады және ата-аналардың үйде отырып, біздің вебинар сабақтарымызды тыңдауға, сұрақ қою арқылы білімдерін арттыруға мүмкіндік береді. 

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.38.jpeg

Бұдан басқа, жыл сайын "Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі" атты халықаралық конференция ұйымдастырылып тұрады. Алғаш рет осындай іс-шара 2016 жылдың қазан айында өткізілген болатын. Конференцияға спикерлер ретінде арнайы шетелдік білікті мамандар мен ғалымдар шақырылады. Олар аутизм мәселесі шеңберінде өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Айтарым, бұл конференцияның қазақстандық мамандарға берері мол.

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.37 (2).jpeg

Жоғары білікті мамандар

Мамандардың барлығы психологиялық немесе дефектологиялық жоғары білім иелері. Қордың ұйымдастыруымен жылына бірнеше рет өз білімдерін толықтырып отырады. Және айта кететін жайт Қордың басшылары біздің әлемдік деңгейдегі әдістемелер авторларынан тікелей білім алуымызға жағдай жасайды. Олар: Джеймс Партингтон – балалардың дағдыларын бағалауға арналған ABLLS атты құрал ойлап тапқан, Стефани Шайр – Джаспер әдістемесін ойлап тапқан Кони Касаридің ассистенті болып табылады. Сонымен қатар, біз АҚШ-тағы Маркус Аутизм Орталығымен тікелей байланыстамыз. Мысалы үшін, жақын арада сол орталықтың маманы Андресса де Сауза келіп семинар жүргізді. 

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.35.jpeg

Саны артып келеді

Жыл сайын әлемде аутизм синдромы бар балалардың саны артып келеді. Мәселен, тек Астана қаласының Аутизм орталығына 2015 жылы 443 бала кезекке тұрған болса, орталық ашылғаннан бүгінгі күнге дейін 1443 бала кезекке жазылған екен. Дәл қазір 95 балаға қызмет көрсетілуде.

WhatsApp Image 2019-12-28 at 23.53.40.jpeg

Нәтижесі бар

Аутизмнің белгілерін мамандар неғұрлым ерте аңғарып, баламен түзету шараларын неғұрлым ерте жастан бастаса, бала да әлеуметтік ортаға соғұрлым жақсы бейімделеді. Мәселен, біздің орталықта интервенциядан өткен балалар қазіргі таңда жалпы білім беретін балабақшаларға барып, инклюзивті сыныптары бар мектептерде білім алып жүр.

Өзгелердің жаңалығы