Фоторепортаж: Елімізде референдум басталды

Таңғы сағат 07:00-де еліміз бойынша барлық сайлау учаскелері ашылды.

 автордан  ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова Кеше 2026, 07:22
Кеше 2026, 07:22
200
Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 07:00-де еліміз бойынша барлық сайлау учаскелері ашылып, азаматтар дауыс бере бастады. Қазіргі уақытта учаскелерде тұрғындар келіп, өз таңдауын жасап жатыр.

Елордада Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайына дауыс берушілер учаске жұмысын бастаған сәттен бастап келе бастады.

Таңғы 7:00-де ең алдымен еліміздің Әнұраны шырқалды. 

Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан дауыс беру учаскесі #51.

Референдум барысында ел азаматтары жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдіріп, дауыс беріп жатыр. Дауыс беру учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмыс істейді.

Наверх