Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

28 Наурыз 2025, 13:35
532
Бөлісу:
Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда жасанды интеллект саласына қатысты "AlmatyFair.ai"көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрме жасанды интеллектке қызығушылық танытқан кез келген адамға осы саладағы жетістіктермен танысып, тәжірибеде қолданылуға мүмкіндік береді.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

Ұлттық құрылтайда Президент жасанды интеллект мемлекеттік процестердің тиімділігін арттырып, бюрократияны азайтатын, салық пен кеден әкімшілігін жүргізу мен мемлекеттік сатып алуларды ашық ететін тиімді құрал екенін атап өтті. Бірақ ол үшін бізге шетелдік шешімдерді пайдаланып қана қоймай, өз технологияларымызды дамыту қажет. Бұл мақсатқа жету үшін елімізде жасанды интеллектті қолдану мен дамытуға жағдай мен инфрақұрылым жасалып жатыр. Мұндай іс-шаралар жаңа технологияларды тартып, басқа елдермен тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылады, – деді министр Жаслан Мәдиев.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

AlmatyFair.ai жасанды интеллект бүгінде өндіріс, қаржы, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қалай түрлендіріп жатқанын айшықтайды. 

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

Қонақтар GovTech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысып, IT-компанияларға, өндірістік инновацияларға, білім беру жобаларына арналған аймақтарды және стартаптар аллеясын тамашалай алады.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

AlmatyFair.ai көрмесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылып жатқан alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының таныстырылымы болды.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

Еске салайық, alem.ai Қазақстан жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 2029 жылға дейін $5 млрд дейін ұлғайтуға
мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнес пен таланттарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Орталық жасанды интеллект саласындағы мыңдаған маманды оқытуға, стартаптарды іске қосуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге ықпал етеді.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

Көрме аясында AI-стартаптар арасындағы питч-баттл – AI Startup Showdown өтеді. Мұнда командалар өз шешімдерін ұсынып, жүлде қоры үшін жарысқа түседі. Панельдік пікірталастарда технологиялардың дағдыларды дамытудағы әсері, цифрлық дәуірдегі сын-қатерлер, жасанды интеллекттің келуімен мамандықтардың өзгеруі және әйелдердің AI саласындағы жаңа мүмкіндіктері талқыланады. 

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

Сонымен қатар ұлттық стратегия (GenNation), мемлекеттік инновациялар (GovTech Accelerator) және “ақылды қала” тұжырымдамасы (AI & Smart City) мәселелері қарастырылады. Бизнес-блокта жасанды интеллектті енгізу, венчурлық инвестициялар, инновациялық хабтар арқылы жаһандық экспансия мен ицифрлық көшпенділердің болашағы туралы сөз қозғалады.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

AlmatyFair.ai көрмесін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырады.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?

Көрме Алматыдағы ірі алаңдардың бірі -  “Атакент” іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді.

Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?
Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?
Фоторепортаж: "AlmatyFair.ai" көрмесінен не тамашалауға болады?
Өзгелердің жаңалығы