Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары

8 Қаңтар 2024, 10:16
1327
Бөлісу:
Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары
PHOTO
Фото: автордан

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жиырмадан астам мұз айдынының 12-сі тегін жұмыс істейді. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілші сырғанақ алаңдарынан суреттер топтамасын жасаған еді.

Мұз айдынына кіру тегін, егер сізде коньки болмаса, алаңдамаңыз. Мұз айдынының дәл қасынан 1,5 сағатқа 800-1000 теңгенің аралығындағы конькилерді жалға алуға болады. Ал егер сізде коньки болса, күні бойы сырғанасаңыз да өз еркіңізде. 

Тегін сырғанақтардың саны артқанына қуанған тұрғындар қала әкімдігіне разылығын білдіруде. Дегенмен кей мұз айдындарында мұздың дұрыс қатпауы, бетінің тазаланбағанын да айтып қалды.

Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары

Қала әкіміне, ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Дегенмен бұл жерде жағдай жасалмағаны өкінішті. Мұздың беті сырғанауға қолайсыз. Адамның көп болғанынан болар, маған айтарлықтай қуаныш сыйламады. Ал ақылы сырғанаққа барсаңыз, жағдай жасалған. Сол себептен сырғанақ алаңдарын жақсартса, дұрыс болар еді, - дейді Асель Жақыпбек есімді қала тұрғыны. 

Қаладағы сырғанақ алаңдарының көбейгені жастар мен оқушыларға қуаныш сыйлағанын фотосуреттерден көруге болады. Қысқы демалыс кезеңінде әр күнін осы жерде өткізіп, сырғанауды үйреніп алғандарды да көзіміз шалды.

Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары

Мен қысқы спортты жақсы көремін. Әсіресе, мұзда сырғанауды. Биыл қысқы демалысымды сырғанақ алаңдарында өткіздім. Бағасы қолжетімді, ыңғалы. Тіпті 3-4 күнде сырғанауды жақсы үйрендім. Сабағым басталса да, осы жерге келіп тұруды жөн санаймын, - дейді Дана есімді оқушы. 

Жалға беру пункттері жұмыс күндері таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындарының өзі келушілер үшін тәулік бойы ашық.

Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары

Еске сала кетейік, мына мекенжайларда тегін сырғанауға болады. Олар: 

1. Республика сарайының алдындағы Абай алаңында;
2. 28 Панфиловшылар саябағы;
3. Тұңғыш Президент саябағы;
4. Орталық стадион;
5. М. Әуезов атындағы театр;
6. Н. Сац атындағы театр;
7. «Гүлдер» саябағы;
8. №6 Оқушылар үйі.

Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары

Қалған 4 мұз айдынын ағымдағы жылдың қаңтар айында келесі мекенжай бойынша іске қосу жоспарлануда:

1. Шухов көшесіндегі саябақ;
2. «Авиатор» стадионы;
3. Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында;
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.

Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары

Қалған 9 ақылы ашық мұз айдыны мына мекенжайларда жұмыс істейді:

1. «Алматы Арена» мұз сарайы аумағында.
2. «MEGA Park» СОО аумағында
З. Жандосов көшесі - Ықылас көшесінің қиылысында.
4. «Есентай Mall» СОО аумағында.
5. Villa dei Fiori аумағында
6. «Халық Арена» мұз сарайы.
7. «Арман» кинотеатры.
8. «Alem park» отбасылық демалыс саябағының алдында
9. Aport Mall СОО аумағында.

Фоторепортаж: Алматыдағы тегін мұз айдындары
Өзгелердің жаңалығы