Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды

Бөлісу:
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фото: автордан

Саябаққа 6 шақырымнан астам жаңа кабель жүргізілді, 470 шам және 450 ажыратқыш ауыстырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Алматы Қала Жарық» басшылығы атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Алматы Қала Жарық» басшылығы қолданыстағы нормаларға сәйкес 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы барлық жарықтандыру жүйесін толығымен ретке келтіру туралы шешім қабылдады. Жөндеу бригадалары траншеялар қазып, 6 шақырымнан астам жаңа кабель жүргізді. 470 шам және 450 ажыратқыш ауыстырылды. Әр фонарь мен прожекторды қосудың егжей-тегжейлі сызбалары бар саябақтың сыртқы жарықтандыру жүйесінің төлқұжаты жасалды. Жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары 15 күнге созылды,- деді «Алматы Қала Жарық» басқармасының басты инжинері Әлмұхамед Жалпақов.

Саябақтағы барлық шамдарды ауыстыруға 3 аптадай уақыт кеткен. Саябақта жарықтың өшуіне жүйелердің тозуы себеп болған.

Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды

Саябаққа 6 шақырымнан астам жаңа кабель жүргізілді. Қиындығы барлығын қолмен қаздық. Себебі ағаштың тамырлары бар. Жасыл желекке зиян келтірмес үшін қолмен қазуды жөн санадық. Саябақтағы барлық шамдарды ауыстыруға 3 аптадай уақыт кетті. Саябақтағы шамдардың өшіп қалуына  жүйелердің тозуы себеп болған. «Алматы Қала Жарық» басшылығының шешімімен барлық жарықты ауыстыру туралы шешім қабылданды. Осы жұмыс бойынша 20-дан астам қыщметкер жұмыс істеді,- деді инжинер Серікқали Мермұрзаев.

«Алматы Қала Жарық» басқармасының басты инженері Әлмұхамед Жалпақовтың айтуынша, “Желтоқсан” саябағында да жарықты  ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы шамдарды пайдалануға бердік. Келесі кезекте  “Желтоқсан” саябағындағы жарықтарды ауыстырамыз. Тұрғындардың атынан көптеген өтініштер келіп түсті. Жалпы тұрғындар көшелеріндегі жарық шамдары немесе саябақтағы жарық өшіп қалған кезде «Алматы Қала Жарық» басқармасының диспечерлеріне хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, жөндеуге өтініш білдірсе біз жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, - дейді Әлмұхамед Жалпақов.

Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Фоторепортаж: Алматыдағы атақты саябақтың шамдары жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы