Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Jay-Z-ді ығыстырып рейтингте жаңа музыкант көш бастады. Бұл туралы korrespondent.net сайты жазды.
Forbes журналы әлемдегі ең қалталы рэперлердің рейтингін жариялаған. Өзінің карьерасында алғаш рет бұл рейтингті Ким Кардашьянның күйеуі Канье Уэст бастады.
2019 жылы музыкант 150 млн доллар тапқан. Рэпердің табысының жартысы Adidas-пен бірігіп шығарған Yeezy аяқ киім коллекциясынан түсті.
Сөйтіп Канье Уэст былтырғы рейтингте көш бастаған Jay-Z-ді ығыстырды.
Басылымның мәліметі бойынша, музыканттың табысы 81 млн долларды құраған. Үшінші орынға 75 млн доллар табысымен канадалық рэпер Дрейк жайғасқан.
Сонымен қатар, ең табысы мол рэперлердің ондығына Дидди кірген, оның табысы 70 млн доллар, Трэвис Скотт - 58 млн доллар, Эминем - 50 млн доллар, DJ Khaled - 40 млн доллар, Кендрик Ламар - 38,5 млн доллар, Migos - 36 млн доллар және Дональд Гловердің (оны Childish Gambino деп те атайды) табысы 35 млн доллар болды.