Флорида штатында дауылдан 14 адам қаза тапты

1 Қазан 2022, 01:22
1221
Бөлісу:
Флорида штатында дауылдан 14 адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатында ойран салған "Ян" дауылынан 14 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Жергілікті билік олардың саны тағы артуы мүмкін деп отыр. Жойқын дауылда штаттың бірнеше өңірінде алапат су тасқыны басталған. Ғимараттар мен баспаналар қирап қалған. Табиғат апатынан 2 млн 600 мың тұрғын жарықсыз қалды. Әуежай жұмысы тоқтап қалды. 

Дауыл штатқа орасан зор шығын әкелгендіктен жергілікті билік федералды қызметтен  көмек сұрап жатыр. Аймақта коммуналдық қызмет мамандары тазарту жұмыстарын бастады. Синоптиктердің болжамынша дауыл Джорджия мен Оңтүстік Каролина шттаттарына қарай бағыт алады.

Өзгелердің жаңалығы