Физика олимпиадасында ел қоржыны төрт медальмен толықты

Кеше, 19:23
203
Бөлісу:
Физика олимпиадасында ел қоржыны төрт медальмен толықты
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Грузияда EuPhO Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан командасының құрамында:

Бекасыл Елубай – Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Альтаир Ақанов – Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы;

Нұргүл Егенбергенова – Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Нұрасыл Барлыбаев – Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

Жас физиктерді жеңісімен құттықтаймыз!

Анықтама үшін: Еуропалық физика олимпиадасы жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі. 2023 жылы еліміздің командасы 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы