Fitch Ratings Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

18 Мамыр 2024, 08:00
468
Бөлісу:
Fitch Ratings Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам – "тұрақты", деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарына – елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық жағдай, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташа әсер ету еніп отыр.

Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақ импорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шот тапшылығының қысқаруын болжауда, - делінген ведомство ақпаратында.

Fitch пікірінше, бюджет шығысының өсуін шектейтін жаңа фискалдық ережелер және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер салық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы