Филиппин астанасында вирустың ушығуына байланысты локдаун жарияланды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппин астанасы Манилада локдаун жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;«Хабар 24».</h4>

 8 Тамыз 2021 2021, 07:32
8 Тамыз 2021 2021, 07:32
3056

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппин астанасы Манилада локдаун жарияланды, деп хабарлады «Хабар 24».

Бұған аймақта коронавирустың «Дельта» штамының өршіп кетуі себеп болған. Шектеу шаралары тамыздың 20-сына дейін жалғаспақ. Осы уақыт аралығында жергілікті тұрғындар үйлерінен тек азық-түлік дүкені мен ауруханаға ғана шыға алады.

Аймақтағы коменданттық сағат та өз күшінде қала бермек. Ал қала сыртында блок-бекеттер орнатылды.

Айта кетейік, ел астанасында осымен үшінші мәрте қатаң локдаун жарияланып отыр.

Наверх