Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ФИФА-ның жаңа бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа табысталды

Бүгiн, 03:28
110
Бөлісу:
 flickr/Gage Skidmore
Фото: flickr/Gage Skidmore

Бейбітшілік сыйлығы АҚШ президенті Дональд Трампқа 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі кезінде табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ESPN хабарлағандай, Жерді ұстап тұрған төрт қол бейнеленген медаль мен мүсіншені президентке ФИФА президенті Джанни Инфантино табыстады.

Сыйлық 2025 жылдың қарашасында құрылды, ал Трамп оның алғашқы иегері болды.

2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде – АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Турнирге қырық сегіз ұлттық құрама қатысады. Турнир 11 маусымда басталады, ал финалдық матч 2027 жылдың 19 шілдесіне жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы