Фейк: «Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»

25 Желтоқсан 2020, 17:03
1536
Бөлісу:
Фейк: «Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰОД ұйымының бар екендігі туралы хабарлама тарады. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оның басшысы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров.

Пайдаланушылардың айтуынша, ҰАҚ ұйымы ашық жұмыс істейді, тіпті Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өз кеңселеріне шақырып, қазақстандықтар арасынан жаңа мүшелерін қабылдауда. Шындығында, мұндай ұйым жоқ.

Фейк: «Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»

Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекен жай бойынша және жалпы, елорда аумағында «ҰАҚ» деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар ҚР азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Айта кетейік, фейк ақпараттың бастапқы дереккөзі жойылды. 

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.


Өзгелердің жаңалығы