Хафиз Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханының травматологиялық орталығының басшысы Берік Төлеубаев Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен азаматтардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда күйік алған науқастардың ішінен екі азамат жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Олардың қазіргі жағдайлары тұрақты. Ем шаралардың арқасында шоктан шығарылды. Екі науқас реанимацияда ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде бүкіл ем шаралар қабылданып жатыр, - деді Берік Төлеубаев.
Еске сала кетейік, бүгін түнде ауыр халде жатқан зауыттың тағы екі жұмысшысы қайтыс болды.
Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.
Бұдан бұрын зауытта технолог болып жұмыс істеген 25 жастағы Ерұлан Қазкен қайтыс болған еді. Ал екі күн бұрын күйік салдарынан Музафар Исмаилов көз жұмған. Ол Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленді.
Оқи отырыңыз: