Феминистер Алматыда шеру ұйымдастырмақ

14 Ақпан 2021, 14:15
2082
Бөлісу:
Феминистер Алматыда шеру ұйымдастырмақ

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімшілігі 8 наурызда феминист әйелдердің шеру өткізуіне келісім берді. Бұл туралы «Feminita» ұйымы әлеуметтік желіде хабарлады.

Бейбіт шеру туралы заң бойынша шеру мен митинг өткізуге рұқсат етілген орындар санаулы. Сондықтан олар шерудің жүріп өтетін көшелерін нақты атаған. Әйелдер Ганди паркінен бастап Шевченко көшесімен жүріп өтпек. 

Ал митингіні Уәлиханов скверінде ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Феминист ханымдардың ойынша, бұл – кемсіту мен теңсіздікті болдырмауға үлес қосатын, әйелдердің ынтымағын көрсететін тарихи күн болмақ.

Жақын арада біз митингке қажетті заттарға краундфандинг ашамыз: осы жылы біз неғұрлым көп қатысушы жинап, мықты плакат-баннер көптеп басып, шеруді ауқымды және жарқын жасауды жоспарлап отырмыз. Кейінірек, біз жүру ережелерін, ең күшті плакатты қалай жасауды және біздің флешмобқа қалай қатысуды айтып өтеміз,-деп жазды олар.

Өзгелердің жаңалығы