Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.</h4> <br>

 13 Қараша 2019 2019, 10:28
13 Қараша 2019 2019, 10:28
3247

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген ресми хабарламада. 

Бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысуын сұрағанын хабарлаған болатынбыз. 

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook-тегі парақшасында вице-министр Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын. 

Наверх