Фархат Шариповтың фильмі Халықаралық Берлин кинофестивалінде Гран-при иеленді

17 Ақпан 2022, 12:20
1599
Бөлісу:
Фархат Шариповтың фильмі Халықаралық Берлин кинофестивалінде Гран-при иеленді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген «Схема» көркем фильмі 72-Халықаралық Берлин кинофестивалінің Generation конкурстық бағдарламасында (балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер байқауы) бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильмнің түсіру тобына сенімдері мен жұмыстары үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ фильмдегі басты рөлді сомдаған актерлерге, бізді фестивальге шақырған Берлинале ұжымына ерекше алғыс айтамын. Осы бағдарламаға қатысқанымызға қуаныштымыз, өйткені біздің фильм жасөспірімдер туралы және жасөспірімдерге арналған, – дейді фильм режиссері Фархат Шарипов.

Режиссердің айтуынша, күрделі тақырыпта түсірілген кинотуындының желісі кастингке келген жасөспірімдердің жеке оқиғаларына негізделген.

Фархат Шариповтың фильмі Халықаралық Берлин кинофестивалінде Гран-при иеленді

2020 жылы күз айында қолға алынған кинотуындының түсіру жұмыстары негізінен Алматыда өткен. Басты рөлдерді Виктория Романова және Таир Свинцов есімді жас актерлер сомдады. Бұл олардың алғашқы рөлі екенін айта кеткен жөн. Фильмнің қоюшы операторы Александр Плотников, ал қоюшы суретшісі – Алексей Шиндин. Кинокартинаның продюсері Дина Жұмабек.

Фархат Шариповтың фильмі Халықаралық Берлин кинофестивалінде Гран-при иеленді

Еске сала кетсек, «Схема» фильмін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау орталығы қолдауымен Medeor компаниясы түсірген.

Өзгелердің жаңалығы