Фактчек: бу vs түтін

18 Қаңтар 2023, 10:19
1285
Бөлісу:
Фактчек: бу vs түтін

Шылым шегу - денсаулыққа зиян. Бүгін осы туралы бірнеше қызық дерек ұсынбақпыз, деп жазады BAQ.KZ.

Фактчек: бу vs түтін

Қиял. Табакты қыздыратын өнімдер түтінінде жоғары концентрацияда мутагенді әсері бар ластаушы заттар анықталған. Қыздыратын табак түтіні адамға үлкен қауіп әкеледі.

Факт. Қиялда бірден екі қисынсыз тұжырымдама бар. Бірінщіден, жану үрдісі болмайтын өнімдер кәдімгі темекіден негізінен айырмашылығы бар. Ғылыми тұрғыдан алғанда, табакты қыздыру жүйелерін пайдалану кезінде түзілетін аэрозоль түтін ретінде жіктеле алмайды. Жанған кезде темекі ұшындағы температура  Цельсия бойынша 800 градустан аса отырып, құрамындағы зиянды химиялық заттардың және түтіннің түзілуін болдырады. Бұл жерде табакты қыздыру жүйесінде температура Цельсия бойынша 350 градустан аспайды. Соның арқасында түтін емес, аэрозоль түзіледі. Бұл аэрозоль дәстүрлі темекімен салыстырғанда зиянды заттар орта есеппен 90-95 пайызға азырақ түзіледі. 

Екіншіден, бөлме ішіндегі ауа сапасын зерттеу аэрозоль ауа сапасына кері әсерін тигізбейтінін дәлелдеді, себебі табакты қыздыру жүйесін пайдалану кезіндегі химиялық заттардың концентрациясы гигиеналық нормативтерден аспайды. 

Темекі жанған кезде күрделі химиялық реакциялар жүреді, оның барысында 6000-ға  дейін түрлі қосылыстар түзіледі, олардың кемінде 69-ы денсаулыққа тікелей қауіп төндіреді. Табакты қыздыру жүйелерін баламалы деп атайтыны да содан, оларды пайдаланатын тұтынушы токсинді заттардың бір  «шоғын» - табактың жану өнімдерін жұту қажеттілігінен босатылған.

Сарапшының пікірі. Британдық қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшы Клайв Бейтс:

«Кейбір адамдар баламалы құрылғылар шын мәніне қарағанда әлдеқайда қауіпті деп ойлайды. Лондонның корольдік дәрігерлер колледжі адамдарды қателесуге алып келгенін түсінді, сондықтан келесі қисынды мәлімдеме жасады:  «Электронды темекімен байланысты денсаулыққа ұзақ мерзімді қауіпті нақты анықтауға мүмкін еместігіне қарамастан, қолда бар мәліметтер мынаны дәлелдеді: бұл қауіптер дәстүрлі темекіні шегумен байланысты қауіптің 5 пайызынан асып кете алмас».

Табакты қыздыру жүйесі электронды темекі секілді аэрозоль түзеді, ол табактан жай ғана никотин мен хош иісін алады. Табактың түтіні пайда болу үшін, табак жануы тиіс, ал табакты қыздыратын өнімдерде бұл болмайды. Адамдар темекі шегуден табакты қыздыру жүйелеріне өткен кезде токсиндердің мөлшері (қаннан, сілекейден немесе зәрден алып өлшенген) өте жылдам түседі.

Табакты қыздыру жүйесін пайдаланатын адамның маңындағыларға және жалпы қоршаған ортаға қатысты алсақ, мұнда қауіп өте төмен. Шығарылып жатқан қыздырылған табактың құрамындағы токсиндер темекі түтініне қарағанда әлдеқайда аз екенін ескеретін болсақ, онда пассивті шегушілер үшін қаупі аса төмен мен мардымсыздың арасында болады».

Өзгелердің жаңалығы