Factcheck.kz жариялымында көрсетілген ақпарат толық емес – министрлік

25 Қыркүйек 2021, 18:51
3211
Бөлісу:
Factcheck.kz жариялымында көрсетілген ақпарат толық емес – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Factcheck.kz жариялымында көрсетілген ақпарат толық емес екендігін хабарлайды. 

Қазақстан заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау шеңберінде Министрлік тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде Интернет желісінің өнімдеріне мониторинг жүргізеді.

2020 жылдың II жартыжылдығында жүргізілген мониторинг барысында Google әлеуметтік желісінде 13838 құқық бұзушылық фактісі анықталды, атап айтқанда Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтамаудың төмендегідей негізгі түрлері бойынша 105 ескерту хаты жолданды:

- терроризм мен экстремизмді насихаттау бойынша – 13 643 факті тіркеліп, 37 хат жолданды;

- БАҚ-ты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалану бойынша - 94 құқық бұзушылық тіркелеп, 4 хат жолданды;

- этносаралық алауаздық тудыратын ақпаратты тарату бойынша - 40 факті тіркеліп, 17 хат жолданды;

- нақты жалған ақпарат тарату бойынша – 21 құқық бұзушылық тіркеліп, 17 хат жолданды;

- Елбасы және ҚР Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты тарату бойынша – 18 факті тіркеліп, 18 хат жолданды;

- бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы ҚР заңнамасын бұзатын ақпаратты тарату бойынша - 6 құқық бұзушылық тіркеліп, 4 хат жолданды;

- азаматтардың дербес деректерін заңсыз тарату бойынша - 3 құқық бұзушылық тіркеліп, 3 хат жолданды;

- зұлымдық пен зорлық-зомбылықты насихаттау бойынша — 2 факті тіркеліп, 1 хат жолданды;

- баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру, жеке немесе биометриялық деректерді, кәмелетке толмаған адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін басқа ақпаратты тарату бойынша – 3 факті тіркеліп, 2 хат жолданды.

Қолданыстағы заңнамада «кибербуллинг» ұғымы әлі көзделмеген, осыған орай кибербуллинг құқық бұзушылық фактілері бойынша заңнамалық шектеулер жоқ. Осыған байланысты, министрліктің статистикалық мәліметтерінде «кибербуллинг» фактілері бойынша құқық бұзушылықтар жоқ, - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар Google-дің 2020 жылдың екінші жартыжылдығы туралы есебінде ұсынылған статистикалық мәліметтер қандай принцип бойынша есептелетін және материалдарды қарау әдістемесі қалай жүргізілетіні белгісіз. 

«Қызметтер мен деректердің қолжетімділігі туралы есепті» 2011 жылдан бастап көруге болады, жою сұрауларында айтылған мазмұн элементтерінің жалпы саны 192 503 құрайды. Тиісінше, 2020 жылдың екінші жартыжылдығында 49 мөлшерінде ұсынылған статистика толығымен дұрыс емес болып табылады. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Министрлік есепте ұсынылған мәліметтерлі толықтай дұрыс деп есептемейді және уәкілетті органның интернет-ресурспен өзара хат алмасуының тұтас бейнесін көрсететінін мәлімдейді, - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы