Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды

12 Желтоқсан 2024, 00:26
1980
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әлем бойынша Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілер елімізден басқа, АҚШ, Польша, Беларусь және тағы бірқатар мемлекетте жұмыс істемей тұр. Желі қолданушылары WhatsApp мессенджерінде де ақау болғанын айтып шағымдануда.

Downdetector таратқан мәліметке сәйкес, соңғы 24 сағатта WhatsApp, Instagram және Facebook қызметтеріне қатысты келген шағымдар саны әдеттегі көрсеткіштен айтарлықтай жоғары болған.

Meta сервисіндегі техникалық ақауға байланысты компания өкілдері әлі ресми мәлімет берген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы