Ежелгі ғибадатханадан беймәлім өнер туындылары табылды

2 Мамыр 2020, 05:20
2189
Бөлісу:
Ежелгі ғибадатханадан беймәлім өнер туындылары табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Археологтер Мысырдың Карнак қаласындағы Осирис ғибадатханасында өнер туындыларын жасау және сәулеттік элементтер мен мүсіндерді безендіру үшін ежелгі уақытта қолданылған бояулар қабаты – жасырын полихромияны тапты. Бұл туралы Nauka w Polsce сайтында хабарланған.

Зерттеушілер жер асты әлемінің құдайы Осириске арналған ғибадатхана кешенінің құрылысын зерттеді. Ғибадатхана ж.с.д. VII ғасырда – перғауын Тахарканың билігі кезінде, яғни XXV әулеттік династияның соңында салынған.

Ғалымдар ультракүлгін флуоресценттік фотография, инфрақызылды рефлектография мен инфрақызыл сәуле тудыратын жарықта көрінетін люминесценция секілді түрлі әдістерді қолдану нәтижесінде көзге көрінбейтін көгілдір түстерді анықтады.

Археологтер зерттеген ғимарат іргелес екі бөлмеден тұрады, олардың бірінде – тірілер әлемі, екіншісінде о дүние бейнеленген. Зерттеулер көрсеткендей, құрылыс бірнеше бөлмеден тұратын үлкен ғибадатхананың бір бөлігі болған.

Мысырлық көк бояғыш – кальций карбонаты мен кремний диоксидінің қоспасын 800-1000 оС-қа дейін қыздыру арқылы алатын ең көне синтетикалық бояғыштардың бірі. Оны көбіне сәулет элементтерін безендіруге, кескіндер жасауға және басқа да мақсаттарға пайдаланған, алайда қазіргі кезде полихромия мүлдем жойылып кетті десе де болғандай.



Өзгелердің жаңалығы