Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда мектеп оқушылары арасында «Жаңа үлгідегі ертегі» байқауы өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Әлем. Бала» жобасы аясында «Жаңа үлгідегі ертегі» қалалық жазғы байқауы ұйымдастырылды. Оған қаланың 27 жалпы білім беру мектептерінен әртүрлі жастағы 485 оқушы қатысты. Сахналық көрініс қалалық саябақ сахнасында қойылды», - деді қалалық білім беру бөлімінде.
Қатысушылар жаңа үлгіде ежелгі ертегінің бірінен көрініс көрсету керек болды. Байқау шарты бойынша өнер көрсету бес шарт бойынша бағаланды: әртістілігі, креативтілігі, түпнұсқалығы, костюмдердің болуы (элементі), сюжеттің заманауи баяндалуы.
Оқушылар «Үйшік», «12 ай», «Қызыл телпек», «Ит пен мысық»,«Бауырсақ», «Алладин», «Алдар көсе мен сараң бай», «Үш торай», «Алтын балық» сияқты ертегілердің сюжетін таңдады. Байқау қорытындысы бойынша 12 жүлделі орын анықталды.
«Үйшік» ертегісінің сюжетін көрсеткені үшін Кенжекөл орта мектебінің «Алтын кілт» командасы, «Бауырсақ» ертегісін сахналаған №25 мектебінің «Достық» командасы және «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін қойған №28 мектептің «Алқызыл желкендер» командасы жеңімпаздар атанды. Байқау қатысушылары қалалықтар мен балаларға өздерінің театралдық қабілеттерін көрсетіп, ертегі сюжетінің қазіргі түсіндірмесімен таңқалдырды.