Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасының жанында оның көшірмесі пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24».
Өлшемі түпнұсқасынан 10 есе кіші етіп жасалған. Жобаны іске асыру үшін 1 жыл кеткен. Бірақ ол бір түннің ішінде орнатылған. Ең қызығы, қай жерден қараса да, екі мұнараның өлшемі бірдей болып көрінеді. Әлемде Эйфель мұнарасының 50-ден аса көшірмесі бар.
Париждегі жаңа туынды 2 аптадан кейін өзге елдерде өтетін көрмелерге жіберіледі.
Құрылымның биіктігі мен ені ғана емес, бүкіл бөлшектерінің өлшемдері түпнұсқасынан 10 есе кіші етіп жасалынған. Талапты қатаң сақтау керек болды. Соның арқасында сырттан қарағанда, екі мұнара да бірдей болып көрінеді. Осыған біраз қиналдық. Сосын көшірмені бір түннің ішінде орнатып тастадық. Бұл да қиындық тудырды. Есесіне таңертең екінші мұнараны көрген адамдардың қалай таңғалғанын білсеңіздер ғой, - дейді көшірменің авторы Филипп Мэндрон.