Exit-poll нәтижесі: Беларусь президенті сайлауында Лукашенко алда келеді

Бүгiн, 08:10
212
Бөлісу:
Exit-poll нәтижесі: Беларусь президенті сайлауында Лукашенко алда келеді
Фото: ашық дереккөз

Беларусьтегі президент сайлауының экзит-полл қорытындысына сәйкес, Александр Лукашенко сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың 87,6% дауысын жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы BELTA жазды.

Басқа кандидаттар арасында дауыстар келесідей бөлінді: Сергей Сыранков – 2,7%, Олег Гайдукевич – 1,8%, Анна Канопатская – 1,6%, Александр Хижняк – 1,2%. Респонденттердің 5,1%-ы барлығына қарсы дауыс берді.

Сауалнама сайлау учаскелері таңғы сағат 08:00-де ашылғаннан бастап жабылғанға дейін дауыс беру күні бойы жүргізілді. 320 сайлау учаскесінде барлығы 11 948 сайлаушы сауалнама жүргізді. Анонимді сауалнаманы 1000 интервьюер социологиялық іріктеу әдістемесін пайдалана отырып жүргізді.

Exit-poll деректері сайлаушылардың қалауын көрсетеді және сайлау нәтижелері туралы алдын ала түсінік береді.

Өзгелердің жаңалығы