Эвакуация, кептеліс және үрей: Алматыдағы зілзала кадрлары

23 Қаңтар 2024, 12:00
2937
Бөлісу:
Эвакуация, кептеліс және үрей: Алматыдағы зілзала кадрлары
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Түнде Алматыда жер сілкінісі болды. Төтенше жағдай салдарынан 44 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген. Алматылықтар жер сілкінген кезде қалада жағдай қалай болғанын әлеуметтік желіде жариялап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматылық журналист Шах-Керім Қарменов Instagram парақшасында жер сілкінетінін бір күн бұрын сезгенін айтты.

Алматыда жер сілкінді. 9-қабаттан қатты сезіледі екен. Бұрын жаңалықтан оқығанда аса сезбейтінбіз. Енді міне Алматыға да келген сияқты. Мен осылай болатынын кеше сезген едім. Түнгі сағат 00:00-де өзіммен-өзім «жер сілкінеді» деп баламен далада 2 сағат отырдым. Бірақ бір күн кешігіп келген сияқты, - дейді ол.

Алматылықтарға жер сілкінісіне дайын болу керегін айтып, киіммен ұйықтауға кеңес берді.

Сонымен қатар Дәурен Дариябек есімді Facebook қолданушысы бейнекамераға жазылып қалған жер сілкінісінің сәтін жариялады.

Сондай-ақ жер сілкінісінен кейін Алматы көшелерінде кептеліс болды.

Жер сілкінісін сезген алматылықтар түнде ұйқыларынан тұра сала далаға шықты. Видеодан тұрғындардың қалай эвакуацияланып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары төтенше жағдайды пайдаланып, пайда тапқысы келген такси жүргізушілерінің әрекетін сынға алып жатыр. Алматылықтардың сөздерінше, шопырлар бағаны күрт қымбаттатып жіберген.

Өзгелердің жаңалығы