Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропарламент басшысын сайлау бүгін жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Жеңіске жету үшін үміткер басым дауыс жинауы керек.
Германия, Испания, Италия және Чехиядан төрт үміткер Еуропарламент төрағасы лауазымына үміткер. Бұл туралы ЕП баспасөз қызметі хабарлады.
Кандидаттар арасында екі әйел бар, бірі Жасыл - Еуропалық еркін альянс атынан неміс Ска Келлер болса, екіншісі солшыл саяси топ мүшесі испандық Сира Рего. Сондай-ақ екі ер адам бар. Бірі социалистік бағыттағы партия одағының өкілі социалистік және демократтық прогрессивті альянс мүшесі, итальяндық Давид Сассоли және еуропалық консерваторлар мен реформистер ұсынған чех Ян Заградил.
Басқа саяси бірлестіктерден үміткерлер туралы хабарланған жоқ.
Ұйымның баспасөз қызметінде хабарлағандай, ЕП басшысын сайлау сәрсенбі күні жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Жеңіске жету үшін үміткер абсолюттік көпшілік дауыс алуы қажет болады. Егер бірінші турда бірде-бір үміткер тиісті дауыс алмаса, олар жаңа үміткерлермен тең екінші және үшінші турда қайта бағын сынау мүмкіндігіне ие болады.
Осыған дейін ЕуроОдақ саммитінде негізгі орындарға тағайындау мәселесі келісілген болатын.