Әлеуметтік желі қолданушысы Олжас Беркінбаев фейсбук парақшасына Жәнібек есімді жігіттің анасын іздеп, видео арқылы көмек сұрағанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақша есімі Жәнібек бірақ құжат бойынша ЭддиЖанды белгиялық отбасы асырап алған.
Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғыз басты анасы асырап алуға алып кеткен. Туған анамның үшінші баласы болуым мүмкін дейді ол. Фламанд тілінде өскен ол, қазақша не орысша білмейді. Есесіне, ағылшын, испан, француз, неміс тілдерінде сөйлейді. Қазір Испанияның Майорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы еуропаша білім беріп өсірген. Осы күндері Астанада, өзінің туған әке-шешесін іздеп келіпті,-делінген хабарламада.
Олжас Беркінбаевтың айтуынша, жігіт туралы пост жазып, артынан заңнамаға сәйкес баланың өзі айтуы керек болған соң видео сұратуға мәжбүр болған.
Туған әке-шешемнен түк керек емес, тек анамның жүзін көріп, бір рет құшақтап, жүрегімді тыншытсам болды. Әлі толқып жүрмін, анам туралы ойласам, эмоциямды басқара алмай қаламын дейді,- Жәнібек.
Жәнібек 20 желтоқсан күні Астанадан Испанияға ұшып кетеді.
Жәнібек, баршаңыздан көмек күтіп отыр. Қазақстан тым алыс, енді қашан келерім белгісіз, мұнда түрім қазақ, тілім өзгеше бәрі біртүрлі қарайды дейді. Майоркада ол атбегілікпен айналысады. Жылқыны жақсы көреді екен...Барынша таратып, қандасымызға қол ұшын созып жіберейік, ағайын,-дейді Олжас Беркінбаев.