Еуропаның бірқатар ұлттық пошта қызметтері de minimis режимінің жойылуына байланысты АҚШ-қа сәлемдеме жіберуді тоқтатты. Бұрын бұл режим бойынша құны 800 долларға дейінгі сәлемдемелер кедендік тарифтерден босатылатын. Жаңа талаптар 29 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа ережелердің белгісіздігі және оларды енгізуге дайындыққа уақыттың аздығы бізді жеткізуді уақытша тоқтатуға мәжбүр етті», – деп түсіндірді мұндай шешімнің себебін PostEurop қауымдастығы (Еуропаның ұлттық пошта қызметтерін біріктіреді).
Қауымдастықтың мәліметінше, кем дегенде 16 пошта операторы АҚШ-қа жеткізілімдерді шектеп немесе уақытша тоқтатады. Олардың қатарында:
- Royal Mail (Ұлыбритания) – екі күнге тоқтата тұрып, кейін жаңа тәртіппен жұмысын жалғастырмақ;
- Bpost (Бельгия) – жүйені бейімдеу үшін 23 тамыздан бастап тоқтады;
- Deutsche Post (Германия) – 22 тамыздан бастап шектеулер енгізді;
- Франция, Греция, Австрия және Скандинавия елдерінің пошта қызметтері де осындай шешім қабылдады.
Сарапшылардың дерегінше, өткен жылы АҚШ-қа 1,3 млрд сәлемдеме жеткізілген, оның 60%-ы Қытайдан келген. Жаңа тарифтер ең алдымен Shein және Temu секілді ірі онлайн-сауда платформаларына соққы болып, тауар бағасын қымбаттатуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Канада да АҚШ-тың кейбір тауарларына енгізілген баж салығына өзгерістер енгізген еді. 25% тариф тек болат, алюминий және автомобильдерге сақталды.