Еуропалық одақ Йемен хуситтеріне қарсы әскери-теңіз операциясын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Оған Франция, Германия, Италия және Бельгия қатысады. Бұл туралы Брюссельдегі ЕуроОдақ кеңесінің отырысында айтылды. Ұйымға мүше 27 елдің Сыртқы істер министрлері Қызыл теңіздегі операцияны бастауға келісті. Ол шамамен 1 жылға созылмақ.
Егер осы мерзім ішінде ЕуроОдақ елдерінің діттегені орындалмаса, операция мерзімі ұзартылуы мүмкін. Сондай-ақ басқосуда Газадағы ахуал да сөз болды.
ЕуроОдақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Газа секторында қақтығысты тоқтату туралы ортақ шешім қабылдауға шақырды.
ЕуроОдаққа мүше 27 ел осыған дейін жасалған Газадағы жағдай туралы мәлімдемемді қолдады. Ол Таяу Шығыстағы қақтығысты дереу тоқтатып, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу жөнінде еді. Әр бастама оң шешімін табуға тиіс, - деді ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.