Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың Телеграм каналы жазды.
Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған.
Сондай-ақ осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуі жоспарланып отыр.