Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прагалық «Салвия» командасы 18 жастағы Нұрдәулет Мырзабековке көз тігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматылық клуб түлегі биыл жазда Чехияға тіл үйренуге барып, «Славия U-19» командасында да бақылау матчына қатысқан екен. Қазақ футболшысы чехиялық бапкерлерге ұнаған, алайда елдегі трансферлік кезең жабылғандықтан олар футболшыны алып қала алмады.
Нұрдәулетке Чехияның екінші лигасында ойнайтын «AБС Браник Прага» клубымен уақытша келісімшарт жасауды ұсынған. Қазір ол «AБС Браник Прага» клубының негізгі шабуылшысы, бірақ қысқы трансфер ашылысымен «Славияға» барады.
Мырзабеков алматылық «Алаш», «Аифа» және «Атлетик» командаларында ойнаған. «Алашта» Сергей Клишин мен Андрей Ферапонтов сияқты бапкерлерден тәлім алған. Ал жекеменшік «Атлетик» командасында Владислав Кузьминнің қоластында жаттықты.
Айта кетейік, «Славия» 14 матчта 35 ұпаймен Чехия чемпионатында көш бастап тұр.