Еуропада дельфиндер кемелерге шабуылдап жатыр

25 Қазан 2022, 12:45
17589
Бөлісу:
Еуропада дельфиндер кемелерге шабуылдап жатыр

Португалия мен Испанияда теңізшілер мен ғалымдар дельфин тектес косатка балығының яхталарға шабуылдап жатқанын айтқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Euronews таратқан мәліметке сәйкес, тамыз айында жыртқыш жануарлар яхтаны суға батырып, бақытқа орай бес адам аман қалған. Алайда олар адамдарға шабуыл жасамаған. 

Біреуі ақырын жүзіп келіп, тұмсығын рульді итере бастады. Ол әрі-бері рульді айналдырды. Қайық өздігінен жүзіп бара жатты, мен ештеңеге тиіспедім, - дейді теңізшілердің бірі.

Белгілі болғандай, жазда олар сол маңайға жемін аулауға келеді. Соңғы жылдары дельфиндердің кемелерге шабуылдауы жиілеген. Жергілікті билік шағын кеме иелеріне әсіресе жыртқыш балықтар белсенді болатын түнгі уақытта теңізге шықпауға кеңес беріп отыр. 

Ғалымдар жыртқыштардың мұндай әрекеттерін нақты түсіндіре алмады. Олар – жылықанды теңіз сүтқоректілерімен қоректенетін кит тәрізді жалғыз жыртқыш. Алайда олар адамдарға шабуылдамайды.  

Өзгелердің жаңалығы