Еуропада бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болады

12 Шілде 2022, 14:36
2180
Бөлісу:
Еуропада бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Францияның оңтүстік-батысында аптап ыстық орын алуы мүмкін. 

Бұл туралы елдегі «Метео Франс» ұлттық метеорологиялық қызметі сарапшылары мәлімдеді. 

Ауа температурасы 36-38 градустан жоғары болуы аталған аймақтың климаттық нормасынан жоғары деп саналады. 

Француздық метеорологтар жоғары қысым аймағы Марокко, Франция мен Британдық аралдар арасында орын алатындығын айтты. Осы орайда Францияға Марокко мен Испаниядан ыстық ауа таралады. 

Ал испаниялық метерологиялық агенттік өкілдері Канделеда муниципалитетінде ауа температурасы 43,3 градусқа жеткенін айтып, дабыл қақты. Севильяда сынап бағанасы 42,4 градусты көрсеткен.  

Бұл ыстық расымен де бұрын-соңды болмаған, - дейді агенттік қызметкері Рубен дель Кампо.  

Көршілес жатқан Португалияда да демалыс күндері 44 градус ыстық болған. Салдарынан Оурема муниципалитетінде ең ірі өрт орын алған.  

Еуропалық ғалымдардың айтуынша, Еуропаның оңтүстігінде жаһандық климаттың өзгеруі себепті ыстық райы жиілеп кеткен. Жаһандық температураның көтерілуіне қарай жоғары ыстық толқындары әлі де болады деп күтілуде. 

Өзгелердің жаңалығы