2024 жылдың жазы табиғи апаттардың көптігімен тарихқа енуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам шошытарлық дерекпен бөлісті. Жыл сайын 175 мың еуропалық аптап ыстықтан көз жұматыны айтылуда.
Жаһандық ауқымда ауа температурасының шектен тыс көтерілуінен жылына жарты миллион адам қайтыс болады.
Миллиардтаған адам аптап ыстық эпидемиясымен бетпе-бет келуге мәжбүр. Олардың басым көпшілігі ауа температурасы 50 градус Цельсийден асып, өлімге әкелетін жылу толқынынан тіл тартпай кетеді, - деп атап өтті БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Еске салатын жайт, ең үш ыстық жыл 2020 жылдан бері еуропалық өңірде тіркелген. Соңғы 20 жыл ішінде ыстық салдарынан болған өлім-жітім әлемнің бүкіл елінде 30 пайызға артқан. Бұл үрдіс жыл санап күшейіп келеді.
Аптап ыстық созылмалы ауруларды қозғап, жүрек пен жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына кері әсер етеді.