Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуропа Украина бойынша жаңа келісім жобасын әзірлеуге уақыт ұтуға тырысуда

22 Қараша 2025, 07:12
553
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Еуропалық көшбасшылар Украинадағы жанжалды реттеуге арналған жаңа келісім нұсқасын дайындау үшін қосымша уақыт алуға әрекет жасап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, бұл мәселе G20 саммиті аясындағы кездесулерде талқыланады.

Басылым Германия канцлері Фридрих Мерцтің АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Вашингтон әзірлеген жоспарды талқылағанын атап өтеді. Тараптар келіссөздерді жақын күндері ұлттық қауіпсіздік кеңесшілері деңгейінде жалғастыруға келіскен.

Bloomberg-тің дерегінше, бұл процеске Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі және Мемлекеттік хатшы қызметін атқарып жүрген Марко Рубио да қатысады. Ол ұсынылған жоспарды «түпкілікті шарттар тізімі емес, жаңа идеяларға жол ашатын ұсыныс» деп санайды.

22 қарашада Оңтүстік Африкада басталатын G20 саммиті алаңында еуропалық көшбасшылар ортақ әрекет жоспарын нақтылайды деп күтілуде. Бұған дейін Трамп Киев 27 қарашаға дейін Вашингтонның бейбітшілік жоспарына келісуі керектігін, әйтпесе қолдаудың тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Агенттіктің жазуынша, АҚШ жоспарының бірқатар тармақтарын Киев те, оның одақтастары да бұрын қабылдамаған. Еуропалық шенеуніктердің бірі Bloomberg-ке «Зеленский Трамппен қарым-қатынаста алғаш рет қиын жағдайға тап болып отырған жоқ» деген.

Өзгелердің жаңалығы