«Еуропа стратегиясы мүлде тиімсіз». Орбан Украина мен Ресей арасындағы соғыс жайлы

3 Қараша 2023, 14:13
1064
Бөлісу:
«Еуропа стратегиясы мүлде тиімсіз». Орбан Украина мен Ресей арасындағы соғыс жайлы
Фото: Ақорда

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Украина мен Ресей соғысы жайлы ұстанымын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орбаның айтуынша, бұл соғыс тигізетін ықпалы мен қаупі бар. Оның үстіне Мажарстан Украинамен шекараласады.

Еуропа стратегиясы мүлде тиімсіз. Қазір Еуропа Украинаға қару береді, соғыс жалғасып жатыр. «Украина жеңеді, Ресей жеңіледі» деген жоспар болған. Бірақ ол орындалмады. Еуропа саясаткерлері қазір мынадай мәселелерге тап болды. «Бізде Б жоспары бар ма?» деген. Кейбір елдер осы саясатты жалғастырайық дейді. Екіншісі Б жоспарын ұсынады. Екі тарап ортақ мәмілеге келсе дейді, – деді үкімет басышысы.

Мажарстан премьер-министрінің пікірінше, Еуропаның ұстанымын жалғастырып көбірек ақша салсақ жеңіске жете алмаймыз.

Пікірталас көп. Мажарстан Б жоспарын қолдайды. Біздің ойымызша, жаңа Еуропа қауіпсіздігінің инфрақұрылымын ойлау керек. Украина үшін де, Ресей үшін де ортақ компромис бар. Түркия, түркі елдері үшін де ол пайдалы. Өйткені, осы ұзақ мерзімді бейбітшілік түркі әлемінсіз мүмкін емес. Осы ойды қолдайтын Ердоғанға рақмет! – деді Орбан.

Өзгелердің жаңалығы