Еуропалық Одақ (ЕО) Ресейден табиғи газ импортына тәуелділікті кезең-кезеңімен азайту мақсатында жаңа шараларды қарастыруда. Еурокомиссия 6 мамырда осы бағыттағы жол картасын ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ bloomberg.com-ға сілтеме жасап.
Бұл жоспарға сәйкес, ЕО мүше елдеріне Ресейден жаңа газ келісімшарттарын жасасуға тыйым салу мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ, қолданыстағы келісімшарттардан айыппұлсыз шығу үшін заңды тетіктер, мысалы, форс-мажор жағдайларын пайдалану жолдары зерттелуде.
Ресейдің 2022 жылғы Украинаға басып кіруінен кейін Еуропа Ресей газына тәуелділікті азайтуға күш салуда. 2024 жылы Ресейден келген газ және сұйытылған табиғи газ (СПГ) ЕО-ның жалпы газ импортының шамамен 19%-ын құрады.
Еурокомиссияның ұсыныстары Еуропарламент пен мүше мемлекеттердің мақұлдауын қажет етеді. Мақсат – ЕО-ның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Ресейге экономикалық қысымды арттыру.
Оқи отырыңыз: