Еуропа парламентінің депутаты «Достық» орденімен марапатталды

29 Қаңтар 2021, 23:34
1636
Бөлісу:
Еуропа парламентінің депутаты «Достық» орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Еуропа парламентінің депутаты, «Қазақстан - Еуропалық Одақ» достық тобының төрағасы Рышард Чарнецкийге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес марапатталған II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

А.Құспан жоғары награда еуропалық саясаткерге оның Қазақстан Парламенті мен Еуропалық Парламент арасындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға қосқан қомақты үлесін мойындау белгісі ретінде берілгенін хабарлады. Оның парламентаралық ынтымақтастықты үдемелі дамытудың жаңа қуатты өзегі болған достық тобын құру жөніндегі күш-жігері атап өтілді.

Өз кезегінде, еуродепутат Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы достық қарым-қатынастарды ілгерілету жөніндегі күш-жігерін осындай бағалағаны үшін алғысын білдіріп, оларды жан-жақты нығайту үшін одан әрі жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы