Еуропа кубогі: Анастасия Городко жеңімпаз атанды

5 Ақпан 2020, 20:47
1568
Бөлісу:
Еуропа кубогі: Анастасия Городко жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Тинь өңірінде фристайл-могулдан өтіп жатқан Еуропа кубогінде Анастасия Городко жеңімпаз атанды.

Бұл жолы отандасымыз параллельді могул бәсекесінде (150.00 ұпай) қарсылас шақ келтірмеді. Екінші орынды чехиялық Элиска Куфалова, ал үштікті Нидерланды өкілі Яннеке Бергюис түйіндеді.

Сондай-ақ, дәл осы бәсекеде өнер көрсеткен екінші спортшымыз Олеся Граур 6-сатыға (60.00 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, Анастасия Городко өзі қатысқан барлық Еуропа кубогі кезеңдерінде жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Өзгелердің жаңалығы