Еуропа елдерімен ғылыми ынтымақтастық дамып келеді

14 Сәуір 2022, 11:20
2535
Бөлісу:
Еуропа елдерімен ғылыми ынтымақтастық дамып келеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біз еуропалық ұлттардың терең тарихымен бөлісіп, Еуроодақ қағидаларын Қазақстанға жеткізу үшін келдік. Күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, негізгі қиындықтарды еңсере алған елге барлық жақсылықты тілегіміз келді.

Бұл туралы ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропалық Парламент делегациясының бірінші вице-төрағасы, ЕП Көлік және туризм комитетінің 3-ші вице-төрағасы Андрис Америкс ҚазҰУ студенттерімен кездесу кезінде айтты.

Кеше Еуропалық Парламент делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы сапармен келіп, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерімен кездесті.

Делегация құрамына «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропалық Парламент делегациясының төрағасы, Көлік және туризм комитетінің 3-ші вице-төрағасы  Андрис Америкс (Латвия), елші, ҚР ЕО өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускас, ҚР-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропалық Парламент делегациясының мүшесі, ЕП Сыртқы істер комитетінің мүшесі Франциско Миллан-Мон (Испания) және басқа да ұйым мүшелері кірді.

Еуропа елдерімен ғылыми ынтымақтастық дамып келеді

ЕП Көлік және туризм комитетінің 3-ші вице-төрағасы Андрис Америкс жиын барысында Еуроодақ қағидаларын Қазақстанға жеткізу үшін келгендерін мәлімдеді.

Біз әртүрлі елдерден келдік, бірақ бәріміз еуропалықпыз. Біз бірліктен әртүрлілікке дейінгі бірегей процестерді бірге өткізудеміз, ортақ бірегейлікке иеміз. Біз еуропалық ұлттардың терең тарихымен бөлісіп, Еуроодақ қағидаларын Қазақстанға жеткізу үшін келдік. Күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, негізгі қиындықтарды еңсере алған елге барлық жақсылықты тілегіміз келді. Сіздердің елдеріңіз азаматтық қоғамда маңызды рөл атқаратын мәдениетаралық диалог пен адам құқықтарын қолдауға септігін тигізеді деп үміттенеміз, -деді Америкс.

ҚР-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропарламент делегациясының мүшесі Франциско Миллан-Мон жиналғандарға, әсіресе жастарға Еуропарламент қызметіне қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастаған реформалардың дер кезінде қабылданғанына тоқтала келе,  ҚазҰУ жетістіктерін жоғары бағалады.

Еуропа елдерімен ғылыми ынтымақтастық дамып келеді

Сондай-ақ жүздесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан қатысып, Еуроодақ жұмысына көрсеткен қызығушылық үшін алғысын жеткізді.

Кездесу барысында студент жастар сұрақтар қойып, делегация мүшелерінен тұшымды жауаптар алды. Қатысушылар өзара ықпалдастықтың перспективалық бағыттары туралы ой бөлісіп, ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. 
 

Өзгелердің жаңалығы