Еуропа чемпионатының іріктеу матчы жанкүйерлерсіз өтеді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Черногория жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы жабық өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;</h4>

 3 Қыркүйек 2020 2020, 20:42
3 Қыркүйек 2020 2020, 20:42
1513

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Черногория жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы жабық өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Санитариялық-эпидемиологиялық шараларын сақтау қажеттігін ескере отырып, Қазақстан футбол федерациясы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Черногория ойыны жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жабық өтетінін еске салады.

Рұқсат ойынның ресми тұлғалары мен хабар таратушы топқа берілген. Айта кетерлігі, қос құрама бүгін Алматы қаласындағы Орталық стадионда кездеседі.
Наверх