Еуроодақта көлік құралдарына жаңа стандарт енгізілді

8 Шілде 2024, 23:38
440
Бөлісу:
Еуроодақта көлік құралдарына жаңа стандарт енгізілді
Фото: baq.kz

Еуроодақ пен Солтүстік Ирландияда жаңа автокөліктер үшін бірқатар жаңа техникалық талап енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Гардиан" басылымының хабарлауынша, ереже аясында биылғы жылдың шілдесінен бастап сатылған көліктердің жылдамдығына шектеу қойылады. Интеллектуалды жүйе белгіленген межеден асқанда бірден белгі беруге тиіс.

Бұдан бөлек жаяу жүргіншілер өтетін жерде төтенше жағдайда тоқтау жүйесі бар. Еуропаның көліктегі қауіпсіздік кеңесінің мәліметінше, қолға алынған шаралар қара жолдағы өлім-жітімді 20 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы