Бұл туралы Еуропалық комиссия басшысының орынбасары Вера Юрова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бастаманың мақсаты – қоғамды жалғандықтан қорғау. Еуроодақ чат-боттардың, соның ішінде ChatGPT-дің күрделі мазмұн мен визуалды эффектілерді бірнеше секунд ішінде жасау қабілеті, жалған ақпаратпен күресуде жаңа міндеттер қояды деп санайды.
Біз таңбалау арқылы қарапайым пайдаланушы оның алдында адам я жасанды интеллект жасаған өнім екенін оңай ажыратса дейміз. Сөз бостандығы туралы жиі айтамын, ал енді адамдар құқығы да маңызды! Соны ескерген жөн, - деді Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Вера Юрова.