Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуроодақ көші-қон саясатын қатаңдатып, депортацияны жеделдетеді

Бүгiн, 12:52
204
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Мигранттар "қайтару орталықтарына" жіберіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ DW басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Еуроодаққа мүше елдердің ішкі істер министрлері көші-қон реформаларының пакетіне келісім берген. Құжатта, өзге де шаралармен қатар, ЕО аумағынан тыс жерде «қайтару орталықтарын» құру көзделген. Бұл орталықтарға мигранттар баспана сұрау өтініштері қаралуы үшін жіберілуі мүмкін, тіпті оларды Еуропадан түбегейлі шығарып жіберуге дейін жол беріледі.

Дания мұндай тетікті 2021 жылдан бері қарастырып келгенімен, бұл схеманы іс жүзінде алғаш болып Италия қолдана бастады. Өткен жылы Рим көршілес Албанияда осындай орталықтар құрған, алайда кейін олар құқықтық қиындықтарға байланысты жұмысын тоқтатты.

Human Rights Watch пен Oxfam сынды қайырымдылық және құқық қорғау ұйымдары бұған дейін Брюссельді "жауапкершіліктен жалтарғаны" үшін сынға алған. Олар ЕО-ның баспана беру жөніндегі өтініштерді өңдеуді «аутсорсингке беру» әрекеттерін осылай атаған, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Брюссельде, сарапшылардың бағалауынша, ЕО-ның көші-қон саясатын қатаңдату жөніндегі жалпы бағытына қайшы келетін жоспардың әзірлемесі аяқталған. Ол «Ынтымақ қоры» деп аталатын тетікті құруды көздейді. Қордың мақсаты — ЕО ішіндегі көші-қон жүктемесін қайта бөлу. Жоспарға сәйкес, Солтүстік және Шығыс Еуропа елдері баспана сұраушылардың басым бөлігі келетін ЕО-ның оңтүстігіндегі мемлекеттерден көбірек мигрант қабылдауы немесе Кипр, Испания, Италия не Грекияны қолдау үшін ортақ қорға қаржы аударуы тиіс.

Бұған дейін Еуроодаққа кірмейтін елдердің азаматтары үшін, ЕО-мен визасыз режимнің бар-жоғына қарамастан, Еуропаның 29 елінің сыртқы шекарасынан өтуге қатысты жаңа ережелер бекітілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы