Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ елдері коронавирус инфекциясына қарсы жаңа препаратқа қол жеткізе алады. Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) Pfizer компаниясының СOVID-19-ды емдеуге арналған Paxlovoid таблеткаларына рұқсат берді деп жазады euronews.com.
Аталған дәріні індет жұқтырған науқасқа қосымша оттегі қажет болмаса, алайда аурудың ауыр түрінің даму қаупі орын алған кезде қолданатын болады.
Paxlovoid былтыр желтоқсан айында АҚШ пен Ұлыбританияда мақұлданған. Оны Италия, Германия мен Бельгия да сатып алып үлгеріпті.
Алайда Еуропада «Омикрон» штамын жұқтырғандар саны күрт өсіп отыр. Соның ішінде Румынияда да вирус тоқтамай тұр. Елдің көптеген ауруханаларында жататын орынмен қоса, дәрігердің жетіспеушілігі орын алған. Билік пациенттерде толып кеткен медициналық мекемелерден эвакуациялауға дайындап жатыр.
Елімізде де дерттің беті бері қарамай тұр. Күні кеше елорданың өзін де ғана жыл басталғы 72 мыңнан астам адам вирусқа шалдыққаны белгілі болды.