ЕуроОдақ энергетика дағдарысынан шығу шарасы ретінде бірлесіп газ сатып алуға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Бейсенбі күні күндіз белгілі болған жиынтық сұраныс әзірге үш жылға 23-24 млрд кубометр болып отыр. Одаққа мүше елдердің негізгі газ операторлары келесі қыста мүмкіндігінше көбірек газбен қамтамасыз ету үшін бәрін істеп жатыр. Құбыр газымен қатар, сұйылтылған табиғи газ да сатып алынады. Компаниялар оны жеке өзі немесе бірлестік арқылы жасайды. Бірақ келісімшарт орнатқаны туралы келіссөздер ЕО платформасынан тыс жүргізіледі. Алынған газ қолдану және қоймаларды толтыру үшін қажет, - деп атап өтті Еурокомиссияның вице-төрағасы Марош Шефчович.
Жоспар Еуроодаққа мүше елдердің сұранысын біріктіріп, оны халықаралық жеткізушілердің ұсынысымен сәйкестендіруді көздейді. Мұндай шара газ бағасын төмендетуге және шағын мемлекеттерге жаһандық бәсекелестікте көмектеседі.
Біз өте мұқият болып, жеткен жетістікпен тоқтап қалмауымыз керек. Себебі өте қиын кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Біз жеткізуші немесе инфрақұрылым тарапынан болған кез келген өндірістік оқиға үлкен мәселе тудыруы мүмкін қатал нарықта әрекет етіп жатырмыз. Сол себепті арнайы қормен жұмыс істеп, жеткізу сенімділігіне қатысты өткен жылдағыдай дилеммаларға тап болмайтынымызға сенімді болуымыз керек, - деп толықтырды Марош Шефчович.