Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-5 наурызда Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон жетекшілігімен ЕО мүше мемлекеттердің елшілері Шымкент және Түркістан қалаларына кластерлік сапармен келеді.
Шымкент қаласына сапары барасында қала әкімі Мұрат Айтенов мырзамен екіжақты кездесу жоспарланған. Күн тәртібінде - Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестіктің әрі қарай даму мәселелері, ынтымақтастықтың жаңа салаларын белгілеу. Сондай-ақ, делегация мүшелері еркін экономикалық және индустриялдық аймақтардың жетекші кәсіпорындарын аралайды.
Дипломаттар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығы мен студенттерімен кездеседі. ЕО мүше мемлекеттер Елшілері жастармен Ambassadors Café форматында бейресми түрде кездесіп, ЕО-Қазақстан ынтымақтастығының маңызды тұстарын талқылап, өзінің мансап жолымен, жинақтаған тәжірибесі, және ЕО елдеріндегі білім алу мүмкіндіктерімен бөліседі.
Түркістан қаласында екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылау мақсатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюповпен кездесулер өтеді. Меймандар бизнес жүргізуге жасалған арнайы инвестициялық мүмкіндіктер мен облыстың экономикалық және туристік әлеуетімен таныс болады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қабырғасында Елшілер студенттермен интерактивті дискуссия өткізіп, Түркістан облысының Халықаралық жастар ресурстық орталығына сапармен барады.
Сонымен қатар, бағдарламада өңірдің мәдени-тарихи көрнекі жерлерін аралау жоспарланған, соның ішінде Қ. Ахмет Ясауи кесенесі, Бәйдібек би ескерткіші және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бар.