Еурокомиссия санкцияларды бұзған ел жазаланатынын ескертті

30 Сәуір 2022, 12:25
1421
Бөлісу:
Еурокомиссия санкцияларды бұзған ел жазаланатынын ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкцияны бұзған елге заңдық тұрғыдан жазалау шараларын қолдануы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы Еурокомиссияның ресми өкілі Эрик Мамер мәлімдеді. Мәселен, Ресей тарапы газға төлем бойынша бірқатар қосымша талаптар қойған. Мәскеу еуропалық компаниялардан көгілдір отын үшін шетелдік валютаны Газпромбанкте рубльге айналдырып төлеуді талап етіп отыр. Ал Еуроодақ болса, төлем бастапқы келісімшарт бойынша еуро немесе доллар арқылы жүргізілуін сұрауда. Осыған байланысты Еурокомиссия еуропалық кәсіпорындардан Ресей Орталық банкі мен өзге де қаржы ұйымдарына салынған санкцияларды сақтау керектігін ескертті. 

Еуроодақтағы мемлекет санкцияларға қатысты өзіне алған міндеттерді орындамаса, бұл елге қарсы заңдық тұрғыдан жазалау шаралары қабылдануы мүмкін. Бірақ әзірге мұндай жағдай тіркелген жоқ. Егер еуропалық кәсіпорын Ресей тарапының талабымен газ үшін рубль арқылы төлем жасаса бұл, әрине, сакнцияларды бұзған болып саналады, – деді Еурокомиссияның ресми өкілі Эрик Мамер.

Өзгелердің жаңалығы