Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еурокомиссия Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін ұсынды

Бүгiн, 06:35
108
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Еуропалық комиссия Ресей Федерациясына қатысты жаңа 20-шы санкциялар пакетін жариялады. Бұл пакет 24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруінің төрт жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Санкциялар негізгі үш бағыт бойынша енгізіледі:

Мұнай экспорты мен теңіз қызметтеріне тыйым – Ресей порттарынан мұнай тасымалдайтын барлық кемелерге қызмет көрсетуге шектеу қойылады. Сонымен қатар, «көлеңкелі флотқа» кіретін 43 жаңа танкер тізімге енгізілді, олардың жалпы саны 640-қа жетті.

Банктер мен қаржы секторына қысым – 20 қосымша ресейлік аймақтық банк, криптовалюта платформалары мен үшінші елдердегі қаржы институттары санкциялар аясында.

Сауда шектеулері – резеңке, тракторлар, металдар, химиялық өнімдер, маңызды минералдар, әскери тауарлар мен технологияларға жаңа тыйымдар енгізіледі. CNC станоктары мен радиостанцияларды қайта экспорттауға да шектеу қойылады.

Еурокомиссия ЕО компанияларының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және әділетсіз экспроприациядан қорғануға арналған құқықтық кепілдіктерді де ұсынады.

Санкцияларды қабылдау үшін ЕО-ға мүше барлық мемлекеттердің келісімі қажет.

Өзгелердің жаңалығы