Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуродақ елдері Ресейге салынған санкцияның бесінші пакеті аясында банктердің активін бұғаттады, деп хабарлайды euronews.
Еуродақ Ресейдің «ВТБ», «Новикомбанка», «Совкомбанка», «Открытие» банктерінің және 14 әскери-өнеркәсіптік, машина, кеме жасау және көлік саласындағы компаниялардың барлық активтерін бұғаттады.
ЕО елдерінің үкіметі егер Ресей Украинадағы әскери қақтығысты жалғастыра беретін болса санкцияның алтыншы пакетін енгізуге келісті. Және ол сакцияға ресей мұнайы мен газын сатып алуды қысқарту немесе одан мүлдем бас тарту жағдайлары қарастырылуы мүмкін.