Еуро-2022 чемпионаты. Плей-офф-қа қатысатын командалар анықталды

30 Қаңтар 2022, 12:02
1770
Бөлісу:
Еуро-2022 чемпионаты. Плей-офф-қа қатысатын командалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуро-2022 чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысатын командалар белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

1/4 финалға соңғы жолдаманы топтық кезеңдегі финалдық ойында Грузия құрамасын 8:0 есебімен жеңген Испания құрамасы жеңіп алды.

Осылайша, испандықтар жеті ұпай жинап, D тобында Грузиядан (6) озып, бірінші орынға ие болды.

Бұған дейін плей-оффқа Португалия, Украина, Финляндия, Ресей және Қазақстан құрамалары қатысқан болатын.

1/4 Еуро-2022 финалының жұптары келесідей:

Португалия - Финляндия (31 қаңтар)

Қазақстан - Украина (31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні)

Испания - Словакия (1 ақпан)

Ресей - Грузия (1 ақпан).

Еске салайық, Еуро-2022 топтық кезеңінде Қазақстан Словениямен тең түсті (4:4), кейін Финляндия (6:2) мен Италияны (4:1) жеңді.

Өзгелердің жаңалығы